Жалған нөмірмен көлік басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны С.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде оған 1 жылға көлік құралынан айыру жазасы тағайындалып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сақтауда тұрған екі дана автокөліктің тіркеу нөмірі жойылады.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында С.Н.-нің 07.05.2017 жылы Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшесінің қиылысында «Nissan Qasqai» автокөлігіне көрнеу жалған, маркасы «Нива-Шевролет» автокөлігіне тиесілі мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып басқарғаны анықталды.

Қаулы заңды күшіне енбеген

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі