Жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі  бойынша жеке кәсіпкер К.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы жеке кәсіпкер К.Е. Арыс қаласы, Н.Исмайлов көшесінде орналасқан үйде, тіркеусіз, арнайы рұқсатсыз түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, өткізу жөніндегі қызметпен айналысқан. Тексеру барысында 6500 кг түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары айғақтық зат ретінде алынған.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы К.Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, айғақтық заттар мемлекет пайдасына тәркілене отырып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі