Жекеше айыптау істерін қарау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Абай  аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімі мен жергілікті полиция және БАҚ өкілдері қатысты.

Абай аудандық сотының судьясы С.Айнабеков өз баяндамасында жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотпен жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдаудан бас тартудың себептерін атап,  сотқа материалдарды жолдау барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтіп, кеңес берді.

Дөңгелек үстелде жекеше айыптау бойынша өтініштерді тіркеу тәртібінің сұрақтары және оларды қарау ерекшеліктері, жекеше айыптау бойынша қылмыстық іс жүргізудің проблемалық тұстары жан-жақты талқыланды.

Талқылаудың қортындысы бойынша С. Айнабеков  ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларының талаптарын басшылыққа алып материалдардың дұрыс және сапалы ресімделуіне жіті назарға алуды ұсынды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі