Жоғарғы сынып оқушыларына сот жұмысы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төлеби аудандық соты жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына мамандық таңдауға көмектесу үшін бітіру емтихандарының қарсаңында Леңгер қаласындағы №5 гимназия-мектебінің бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында сот төрағасы Б.Кәрім мемлекеттік органдардың құрылымы және соттың мемлекет жүйесіндегі рөлі, соттарда қолданылатын жаңашылдықтар мен жаңа технологиялар туралы әңгімеледі.

Бұдан басқа, сот төрағасы оқушылардың құқық бұзуының алдын алу бағытында түсінік жұмысын жүргізді.

Сот жұмысын таныстырудың екінші кезеңі оқушылардың сот ғимаратын аралау болып табылды.

Мұнда оларға кеңсе жұмысы, сот мәжілістері өтетін залдар, сот процестерін жазып алатын дыбыс және бейне аппараттары, сот талқылауы ашық және ыңғайлы түрде көрсетілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі