Архив событий

03/05/2016

«Дауды медиация және партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

03/05/2016

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында прокуратура қызметкерлерінің, қорғаушылардың, медиаторлардың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Дауды медиация және партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелік үстел өткізілді.

ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

03/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихаты өткізілді. 

Арыс аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

03/05/2016

Арыс аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың дұрыс толтырылуы, сотқа жолданған әкімшілік істерінің сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жергілікті ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері, аудандық прокуратура қызметкерлері, әділет және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын сақтау, заңның өрескел бұзылуының алдын алу.

Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратында «Медиация кабинеті» ашылды

03/05/2016

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратында Медиация кабинеті ашылды. Ашылу рәсімінен соң Созақ аудандық сотының төрағасы Н. Құламқадырұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы және медиаторлардың қатысуымен  «Медиация – дауды шешудің тиімді жолы»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сайрам аудандық сотында кезекті семинар сабағы өтті

03/05/2016

Сайрам аудандық сотының 2016 жылдың I жартыжылдығына арналған семинар сабақтарын өткізу туралы Сайрам аудандық сотының төрағасы Б.Тыныбековпен бекітілген және Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, оқу орталығының үйлестірушісі М.Парменовпен семинар жоспарына келісілген, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы бойынша семинар сабағы өтті.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

03/05/2016

ОҚО Шардара аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігімен айыпталған Өзбекстан Республикасының азаматы Х.-ға  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Өзбекстан Республикасының азаматы Х. 02.01.2016 жылы Қазақстан Республикасына келіп, тіркеуге тұрғанда 28.02.2016 жылға дейін болатындығын көрсеткен.