Архив событий

20/05/2016

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

20/05/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотында талап қоюшы М.Б.-ның жауапкер А.Ж.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша адвокаттардың қатысуымен партисипативтік келісім бекітілді.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы М.Б. жауапкер А.Ж.-дан 100 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға төлеген 1 000 теңгені өндіруді сұраған.

Мұраға қалған мүлікті бөлу және моральдық залалды өндіру туралы дау сот медиациясы жолымен шешілді

20/05/2016

Түлкібас аудандық соты талапкер М.О., жауапкерлер Г.М., Г.К., Б.Л және  мүдделі жақ Састөбе поселкелік округ әкімінің аппаратына мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру, мұраға қалған мүлікті бөлу, моральдық залалды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар судья медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Пара алғаны үшін сотталды

20/05/2016

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Н.Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жеке мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 60 еселенген сомасы мөлшерінде 3 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.