Архив событий

12/05/2016

Сот баланың әкесі деп тану және алимент өндіру туралы шешім шығарды

12/05/2016

Талап қоюшы Қ. сотқа арызданып, жауапкер О.-ны 15.10.2012 жылы туылған қызы Т.-ның әкесі екенін анықтауды, қызы кәмелетке толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына жауапкердің барлық айлық табысының ¼  бөлігі мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Жол көлік оқиғасын жасаған

12/05/2016

Құқық бұзушы Н.С., 03.03.2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Сейфулин мен Қалыбеков көшесінің  қыйлысында өзінің басқаруындағы «Mersedes-Benz» маркалы автокөлігімен келе жатып жәбірленуші Н.Ш.-ның басқаруындағы «Ваз-21099»  маркалы, автокөлігін соғып, яғни құқық бұзушы жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушініге материалдық залал келтiрген.

Мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларынан тыс жерлерде заңсыз өткізумен айналысқан

12/05/2016

21.04.2016 жылы Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының тексеруімен құқық бұзушы А.С. 2015 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың наурыз айы аралығында 1038,64 тонна мұнай өнімдерін автожанармай құю станцияларынан тыс жерлерде заңсыз өткізумен айналысқаны анықталған.

Жұмысына қайта ораналастырып, еңбек жалақысын өндірді

12/05/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Т.С.-ның  жауапкер «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің Жедел-құтқару жасағы» ММ-не жұмысқа қайта орналастыру және лажсыздан бос жүрген уақытқа айлық жалақыны өндіру туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Есірткі затты заңсыз сатқаны үшін сотталды

12/05/2016

2015 жылдың желтоқсан айының соңында сотталушы Б.А. Шардара су қоймасының жанында келе жатып темекенің бір данасын тауып алып, оның ішінде есірткі зат (марихуана) бар екенін біліп, оны қалтасына салып қойған. Ол есірткі затты Мақтаарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан үйіне алып келіп, үйінің дәлізінде орналасқан аяқ киім қорабына тығып қойған.