Архив событий

16/05/2016

Тыл еңбеккерінің дауы татуласу келісімімен реттелді

16/05/2016

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында талапкер Ұлы Отан Соғысының тыл еңбеккері, «Алтын Алқа» төсбелгісінің иегері А.-ның жауапкерлер А. және М.-ға сыйға тарту келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс татуласу келісімімен реттелді.

Сот залынан

16/05/2016

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргеннен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан және қауіпті жағдайда қалдыру  қылмыстары үшін екі сотталушыға бас бостанығынан айыру жазалары тағайындалған.

Сот залынан

16/05/2016

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық соты О.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады. 

Қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылды

16/05/2016

Абай аудандық сотына ОҚО Сайрам ауданы әкімі жауапкер С.С.-ке төленген әлеуметтік жәрдем ақы - 121170 теңге көлеміндегі шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Мас халде жол апатын жасаған

16/05/2016

Құқық бұзушы  С.К. 17.02.2016 жылы масаң күйінде басқаруындағы «Аudi-80» маркалы автокөлігімен Асықата кентіндегі Әл-Фараби және Қазыбек би көшелерінің  қиылысында жәбірленуші А.О.-ның басқаруындағы «Ваз-2106» маркалы автокөлікпен соқтығысып, автокөліктің иесіне  материалдық  зиян  келтірген.

Сайрам аудандық сотында кезекті ашық есік күні өтті.

16/05/2016

Қоғамда қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын түсіндіру және сот жұмысының ашықтығын көрсету мақсатында Сайрам аудандық сотында Ашық есік күндерін өткізіп отыру дәстүрге айналған. Аудандық соттың төрағасы Б.Тыныбековтың өкімі бойынша әр айдың соңғы жұма күні ашық есік күні болып белгіленген, ол жөнінде аудандық үш тілде шығатын газет беттерінде 10 күн бұрын хабарландырулар жарияланады.

Азаматтық іс бойынша жеке ұйғарым қабылданды

16/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық  экономикалық сотының шешімімен «Корпорация Атамекен» ЖШС-нің «Т. Қ.» МКК-нан 56 170 334  тенге өндіру туралы талабы қанағаттандырылған.

Сотта анықталғандай, 2015 жылғы 9 желтоқсанда «ОҚО, Сайрам ауданы «Сарыараық» каналын күрделі жөндеу» нысанын жұмысшы комиссиясы қабылданған.  

Сот залынан

16/05/2016

Сайрам аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы Ш.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған

16/05/2016

Түркістан қалалық сотында автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған  азамат Е.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Е.Т.  автокөлікті Түркістан қаласы Жарылқапов көшесінің бойында алкогольдік масаң күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сайрам аудандық сотында кезекті семинар сабағы өтті

16/05/2016

Сайрам аудандық сотының 2016 жылдың I жартыжылдығына арналған семинар сабақтарын өткізу туралы жоспарына сәйкес, аудандық сотта Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы бойынша семинар сабағы өтті.