Архив событий

19/05/2016

Меншiк иесiнің бұзылған құқығы қалпына келтірілді

19/05/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер Ә.-нің жауапкерлер Т.-ға, Шымкент қаласы әкіміне, «Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «ЖерҒӨО» РМК ОҚФ Шымкент қалалық бөлімшесіне, «Шымкент қаласының Абай ауданы Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, жер теліміне жеке меншік құқығын беретін актісін, мемлекеттік актінің №19-309-154-1989 нөмірін және олардың тіркеуін жарамсыз деп тану туралы азама

Заңсыз қару сақтаған

19/05/2016

17.03.2016 жылы Мақтаарал АІІБ-ның І-полиция бөлімінің қызметкерлерінің жүргізген жедел профилактикалық іс-шаралары барысында құқық бұзушы Т.А.-ның Мақтаарал ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округі, Сұлу бұлақ елді мекенінде орналасқан тұрғын үйінде ішкі істер органында тіркелмеген 16-калибрлі, ИЖ-18Е модельді, тегіс бір ұңғылы қаруды заңсыз сақтағандығы анықталған.

Жол көлік оқиғасын жасаған

19/05/2016

Құқық бұзушы Н.С., 03.03.2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Сейфулин мен Қалыбеков көшесінің  қыйлысында өзінің басқаруындағы «Mersedes-Benz» маркалы автокөлігімен келе жатып жәбірленуші Н.Ш.-ның басқаруындағы «Ваз 21099»  маркалы, автокөлігін соғып, яғни құқық бұзушы жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушініге материалдық залал келтiрген.

«Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

19/05/2016

Бүгін Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотында Мырзакент және Асықата кенті заң кеңестерінің адвокаттарының қатысуымен «Дауды партисипативтік тәртіппен реттеу туралы келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы А.Тілегенов Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінде көзделген дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жүзеге асыру ерекшеліктері жайлы баяндады.

Дау медиация тәртібімен реттелді

19/05/2016

 

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында 18.05.2016 жылы талапкер І.А.-ның жауапкер Б.Е.-ге баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында, жауапкер Б.Е. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 15000 (он бес мың) теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Сот ұйғарыммен аталған  келісімді бекітіп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Жүргізу куәлігінен айырылды

19/05/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 3 жылға көлік құралынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұсақ құқық бұзушылық

19/05/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны С.Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол әкімшілік жаупкершілік ретінде екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот мұрадан бас тарту мерзімін қалпына келтірді

19/05/2016

Шымкент қаласы Абай аудандық соты  талапкер К.-ның жауапкер «Шымкент қаласының Әкімдігі» ММ-не, мүдделі жақ жеке нотариус Е.-ге мұрадан бас тарту мерзімін қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешімімен талапкер К.-ге азамат К.И.-дің 2012 жылы қайтыс болғанынан кейін ашылған мұрадан бас тарту мерзімі қалпына келтірілді.

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

19/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «Ұ.-Т.-С.»  ЖШС-нің  «А.-Т.» ҚШС-не қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.