Архив событий

17/05/2016

Есірткі затын тұтынғаны үшін жазаланды

17/05/2016

15.01.2016 жылы сотталушы Ғ.А., таныстары С.И, И.Щ., үшеуі Мақтаарал ауданы, Асықата – Ш.Ділдабеков тас жолы бойында орналасқан «Нұрдаулет» азық-түлік дүкенінің маңында келе жатып, жерде жатқан ақ қағазға оралған марихуана есірткі затын тауып алып, қоғамдық орында медициналық емес тұтынған. 

Автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған

17/05/2016

Түркістан қалалық соты автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарған азамат Қ.Н.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы Қ.Н. автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот медиациясының көмегімен жұмысқа қайта орналастырылды

17/05/2016

Талапкер К.Ж.-ның талап арызы бойынша Түлкібас аудандық сотында жауапкер Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры С.Ж.-ға жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Партисипативтік келісім бекітілді

17/05/2016

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тараптардың адвокаттарының қатысуымен талапкер «КАвТ»  АҚ конкурстық басқарушысының жауапкер «ЮСС ЛТД»  ЖШС-не 04.03.2013 жылғы сатып алу-сату келісім шартын жарамсыз деп тану және алынған мүлікті қайтаруға міндеттеу туралы азаматтық ісі бойынша партисипативтік келісім бекітілді.

Судьялар студенттермен кездесу өткізді

17/05/2016

Сайрам аудандық соты М.Сапарбаев атындағы ОҚГУ ғимаратында   заң факултетінің студенттерімен «Заңгер мамандығын дамыту негіздері» тақырыбында кездесу өткізді.

Аталған іс-шараға Сайрам аудандық сотының судьялары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және құқық қорғау органдары, адвокатар, медиаторлар және БАҚөкілдері қатысты.

Жол көлік оқиғасын жасаған

17/05/2016

Құқық бұзушы Л.О. 03.03.2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы М.Әуезов көшесінің бойында өзінің басқаруындағы «Нива»  маркалы автокөлігімен келе жатып жәбірленуші Н.М.-ның басқаруындағы «Ваз-2106» маркалы автокөлікті соққан, яғни құқық бұзушы жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзып, жәбірленушіге материалдық залал келтiрген.

Автокөлікті алкогольдік масаң халде басқарған

17/05/2016

16.05.2016 жылы Түркістан қалалық соты азамат А.Ә.-ге қатысты әкімшілік істі қарады. 

Құқық бұзушы А.Ә. Түркістан қаласында 07.05.2016 жылы өзінің басқаруындағы «Маzdа-323» маркалы автокөлігін  алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А.Ә. құқық бұзушылық жасағанын мойындап, өкінетінін айтты.

Автокөлікті қайталап мас халде басқарған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

17/05/2016

Сотталушы Б.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1- бөлігімен кінәлі бола тұра Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережесінің 2.1.1. және 2.7.1. тармақтарын өрескел бұзып, автокөлікті басқаруға құқысы жоқ бола тұра, 2016 жылдың сәуір айының 28-не автокөлікті мас халде басқарған.