Архив событий

11/05/2016

Сайрам ауданында медация кабинеті ашылды

11/05/2016

Сайрам ауданы Аксукент ауылында орналасқан қоғамдық келісім орталығында  «Медация кабинеті» ашылды.

Ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев, аудандық сотттың төрағасы Б.Тыныбеков, судьялар, құқық қорғау және мемлекеттік орган  қызметкерлері, адвокаттар, медиаторлар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Автокөлікті басқару құқығынан үш жылға айырылды

11/05/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы С.- ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы С. Арыс қаласындағы Аманкелды көшесінің бойында «Volkswagen Golf» үлгісіндегі автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде басқарған.

Аудандық сот төрағасы Заң талаптарын насихаттау мақсатында халықпен кездесті

11/05/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы Н.Ешпанов аудандық соттың ағымдағы жылдың іс-жоспарына сәйкес ҚР «Медиация туралы» Заңының  талаптарын түсіндіру мақсатында Абай ауылы әкімінің аппаратында ашылған медиатор бөлмесінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

11/05/2016

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы С.Тоқбергенов, судьялар, Шымкент қаласының Абай ауданы прокурорының орынбасары К.Ермекбаев, Абай ауданы әкімінің орынбасары Г.Ташимова, Шымкент қаласының жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Қ.Тоқсанбаев, Шымкент қалалық №2 пробация қызметінің бөлім бастығы А.Бөртебаев, Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заң бөлімінің бастығы Ш.Сраждинова және БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан қалалық сотында іс-әрекетке қабілеттілігі танылды

11/05/2016

Түркістан қалалық сотында іс-әрекетке қабілетті деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Арызданушы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «№4 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі мүдделі жақ ОҚО бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына азаматша Г.Н.-ны іс-әрекетке қабілетті деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Сот шешімімен арызданушының арызы толық қанағаттандырылды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

11/05/2016

Сот отырысында құқық бұзушы Т.-ның 26.02.2016 жылы сағат 22.00 шамасында өзінің басқаруындағы «Daewoo Nexia»  маркалы автокөлігін ҚР ЖҚҚ-ның 2.4.2. тармағын бұзып, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Тайғанов көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

Қайтыс болу фактісінің тіркеуі анықталды

11/05/2016

Қазығұрт аудандық сотында арызданушы А.Н.-ның мүдделі жақ Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

11.05.2016 жылғы сот шешімімен А.К.-ның қайтыс болу фактісінің тіркеуі анықталды. Себебі, арызданушының қарт әкесінің биологиялық өлімін рәсімдеу барысында тиісті құжаттар дұрыс рәсімделмеген. Соның нәтижесінде, аталған факт уәкілетті мекемеде мерзімінде тіркелмеген.