Архив событий

26/05/2016

Тергеу судьясының өндірісіндегі іс-материалдардың сапасы мен толықтығы және сот актілерінің орындалуы талқыланды

26/05/2016

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында судьялар мен сот және прокуратураның, полиция және пробация бөлімі қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік сот орындаушылардың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Тергеу судьясының өндірісіндегі іс-материалдардың сапасы мен толықтығы және сот актілерінің орындалуы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

«Адвокаттардың тегін заңгерлік көмек көрсетуі» тақырыбында бірлескен дөңгелек үстел өтті

26/05/2016

Арыс аудандық соты Арыс қалалық әділет басқармасымен бірлесіп  «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсету бағдарламасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, қалалық әділет басқармасының, прокуратура және ішкі істер бөлімдерінің өкілдері мен заң кеңсесінің адвокаттары қатысты.

Арыс аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізді

26/05/2016

Бүгін Арыс аудандық сотында судья А.Қосмұратовтың басшылық етуімен «Ашық есік күні» өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты – М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу, оларды соттың жұмысымен таныстыру.

Сайрам аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

26/05/2016

Қазақстан Республикасының Президентінің бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған  Ұлт жоспары  100 нақты қадамын іс асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Медиатор арқылы бітімгершілікке келді

26/05/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іске тіркелген құжаттардан анықталғаны, ері әйелін қорлап тиіскен.