Архив событий

18/05/2016

Сот азаматтық істі жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарап, талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартты

18/05/2016

Талапкер «Арнайы қаржы компаниясы «Finance» ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, онда 18.06.2007 жылғы банктік заем шартының негізінде жауапкер М.-дан 349 923,6 теңге қарыз сомасы мен 10 497,71 теңге мемлекеттік бажды өндіруді сұраған.

Неке сақталды

18/05/2016

Азаматша К.А. Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотына берген талап арызында жауапкер С.К.-мен араларындағы  11.12.2013 жылы тіркелген некені бұзуды сұраған.

Талапкер К.А. сотқа өтінім түсіріп, өтінімінде өз талабын қолдамайтынын, себебі қазіргі кезде жауапкермен татуласып, бір отбасында ерлі-зайыптылар қатарында өмір сүріп жатқандықтарын көрсетіп, талап арызды қараусыз қалдырып, қоса тіркелген құжаттарымен қайтарып беруді өтінген.