Архив событий

13/05/2016

Ұзақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

13/05/2016

Құқық  бұзушы М.М. 03.04.2016 жылы қоғамдық орында, яғни Мақтаарал ауданы, Асықата кентінің орталық базарының алдында жәбірленуші Н.А.-ны себепсізден былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, ұсақ  бұзақылық  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзіне тағылған кінәсін толық мойындап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Партисипативтік келісім бекітілген

13/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен талапкер А.-нің жауапкер Т.-дан ақша өндіру туралы талап арызы бойынша партисипативтік келісім бекітілген.

А. талап арызында жауапкер Т-дан 435 000 теңге ақша өндіруді сұранған.

Аудандық сот төрағасы Заң талаптарын насихаттау мақсатында халықпен кездесті

13/05/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы Н.Ешпанов аудандық соттың ағымдағы жылдың іс-жоспарына сәйкес «Медиация туралы» Заңының  талаптарын түсіндіру мақсатында Жүзімдік ауылдық округі Әкімінің аппаратында ауыл тұрғындарымен кездесті.

Сот партисипативтік келісімді бекітті

13/05/2016

Кентау қалалық сотының 13.05.2016 жылғы ұйғарымымен талап қоюшы А.К., А.К., Ш.С. және А.Г. жауапкерлер А.Б.-ға, нотариус А.Г.-ға жеке тұрғын үйді жер телімімен сыйға беру шартын жарамсыз деп тану жайлы азаматтық іс тараптардың дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім  жасауларына байланысты тоқтатылды.

Әкесі деп танылып алимент өндірілді

13/05/2016

Талап қоюшы Ф.Т. сотқа арызданып, жауапкер С.Г.-ны 01.05.2010 және 06.08.2012 жылы туылған қыздарының әкесі екенін анықтауды, қыздары кәмелетке толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына жауапкердің барлық айлық табысының 1/3  бөлігі мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.