Архив событий

12/12/2016

Түркістан қалалық соты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына «Өзгеге өмір сыйла» қайырымдылық шарасын өткізді

12/12/2016

Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығы қарсаңында Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серикбаевтың бастамасымен Түркістан ауданаралық қан орталығында қайрымдылық іс-шара өтті.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 (үш) жылға айырылды

12/12/2016

   Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен  А.У. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

   09 қараша 2016 жылы сағат 23:20-лар шамасында құқық бұзушы А.У. Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесінде «Audi» маркалы көлікті мас күйінде жүргізген.

Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

12/12/2016

Құқық бұзушы  Н.С. 24. 9. 2016 жылы  спирттік  ішімдік  ішіп алып, мас халде,  Мақтаарал ауданының Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Өркенді» елді мекеніндегі, Үсіпбеков көшесінің бойында орналасқан өзінің  тұрғын үйінде жұбайы Г.А.-ны кемсiтіп, оған сыйламаушылық  көрсетіп, мұздатқыштағы заттарды сыртқа шашып,  тыныштығын  бұзған.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 317 942 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

12/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың 30 қарашасындағы ұйғарымымен «НС Туркестан - Несие» ЖШС-нің «Абилкаиров Абдулла» ШҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Пробация мерзімі ұзартылды

12/12/2016

Ордабасы аудандық соты 23.11.2016 жылы сотталған У.М.-ға қатысты пробациялық бақылау мерзімін ұзарту бойынша іс қарады.

Сайрам аудандық сотында сот медиация тәртібімен азаматтық іс өндірістен тоқтатылған

12/12/2016

Таяуда Д.Ж.-ның жауапкер К.С.-дан бала үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өткізуімен сот медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды. Келісімге сай, жауапкер талапкерге ай сайын туылған баласы үш жасқа толғанға дейін 50 000 теңге төлеп тұруды міндеттеме берді, ал талапкер міндеттемесімен келісіп, өз кезегінде арыздан бас тартты.

«Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілдің қолдануы мен жүзеге асрылуын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/12/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық  сотында ««Біздің мақсатымыз – мемлекеттік тілдің қолдануы мен жүзеге асрылуын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған  бас қосуға  Абай аудандық сотының  судьялары, бірқатар банк қызметкерлері, Абай аудандық әкімдігінің тілдерді дамыту бөлімінің  мамандары, адвокаттар және БАҚ өкілдері  қатысты.

ОҚО мәслихатының депутаты, политехникалық колледжінің директоры 3 000 000 теңге мөлшерінде пара берген

12/12/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен А.Сопбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабының, 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жеке мүлкін тәркілей отырып, білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметін атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде 90 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Сотты құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылды

12/12/2016

Мақтаарал аудандық сотында 7.12.2016 жылы Мақтаарал ауданының тұрғыны құқық бұзушы Ж.Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.