Архив событий

28/12/2016

Оңтүстік Қазақстандық судьялар өз қамқорлығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады

28/12/2016

Жаңа жыл қарсаңында барлығы мерекелік көңіл күйге, мейірім мен сүйіспеншілікке бөленгісі келеді, ал балалар үйінің тәрбиеленушілері бұған зәру екені белгілі.

Қазығұрт аудандық соты «Медиация заңын қолдану тәжірибесін халыққа кеңінен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

28/12/2016

Қазығұрт аудандық сотында «Медиация заңын қолдану тәжірибесін халыққа кеңінен түсіндіру»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдері, кәсіби емес медиаторлар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық соттың судьялары  және БАҚ өкілдері қатысты.

Сот залынан

28/12/2016

Кентау қалалық сотының 22.12.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы А.И.                                                                                                                                    Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің   669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, ол осы бап бойынша 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Салық бойынша қарызы өндірілді

28/12/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты өндіріп алушы «Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкер Д.-дан көлік салығы бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерге салық заңнамасы бұзушылықтарын жою жөніндегі хабарлама табысталған. Алайда салық бойынша қарызы өтелмеген.

Медиация тәртібімен татуласты

28/12/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен айыпталған айыпкер Е.К.-ға Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі қолданылып, жәбірленушілер онымен медиация тәртібімен татуласуларына, яғни, ымыраласуларына байланысты ақтамайтын негіз бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық iс қысқартылды.

Жаңа жылмен құттықтау

28/12/2016

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді келе жатқан 2017 жылмен ыстық ықыласпен құттықтаймын! 

Адам баласы Жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосыла отырып, мен Сіздерге алдағы кіріп келе жатқан тауық жылында денсаулықтарыңыз мықты, бақыттарыңыз үстем болсын деп тілеймін. Өткенге риза болып, Жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттап, жаңа белестерді бағындыра берейік!