Архив событий

27/12/2016

Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін

27/12/2016

Мемлекеттік қызметшілердің алдында заман талабына сай қойылып отырған талаптардың бірі - ағылшын тілін меңгеру. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша Мақтаарал аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері 2016-жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында ағылшын тілінен 100 сағаттық курстың бастауыш деңгейін тәмамдады.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

27/12/2016

Төлеби аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация келісімін бекітті.

Талапкер жауапкермен  арадағы некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, өз талабында қазіргі уақытта мінез-құлықтарының келіспеушілігіне байланысты бірге тұрмайтынын және ортақ некеден балалары бар екенін көрсеткен.

Бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

27/12/2016

Сайрам аудандық соты ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Қарыз ақша өндірілді

27/12/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты талап қоюшы Т.-ның жауапкер Б.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қарады.

Сот отырысында анықталғаны, жауапкер талап қоюшыдан 350 000 теңге ақша алып, ол жөнінде талап қоюшыға жазбаша қолхат берген. Алайда, жауапкер белгілеген мерзімде қарызын қайтармаған.

Террористік топ әрекетіне қатысқандықтары және қарақшылық шабуыл жасауға дайындалуға көмектескендері үшін сотталды

27/12/2016

ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қарағанды облысының тұрғындары Ж. және К. Қазақстан Республикасы       ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінде, 28-бабының 5-бөлігінде, 24-бабының 1-бөлігінде, 192-бабының 4-бөлігінің 1, 2-тармақтарында қарастырылған қылмыс белгілерімен кінәлі деп танылып, тиісінше олар түпкілікті 9 және 8 жыл мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына, ал Т.