Архив событий

15/12/2016

ОҚО сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтті

15/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының  мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, оған ардагер судьялар мен облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің «Алғыс хаты» тапсырылды

15/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповтың «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 1 880 052 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

15/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың 9 желтоқсанындағы ұйғарымымен «Brig communication»  ЖШС-нің «3-Энергоорталық» АҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Созақ аудандық соты еліміздің ең басты мерекесіне орайластырылған іс-шара өткізді

15/12/2016

Созақ аудандық сотының ұйымдастыруымен еліміздің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында теннистен турнир өтті.

Кәмелет жасқа толмағанға темекі сатқан үшін айыппұл

15/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құқық бұзушы А.Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сот отырысында құқық бұзушы А.Д.  «Дони» дүкенінің сатушысы ретінде кәмелет жасқа толмаған Б.Д.-ға темекі сатқаны анықталды.

Жол қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан адам өліміне жол берілді

15/12/2016

Еңбекші аудандық сотында сотталушы М.А.-ның басқаруындағы көлігімен жол қауіпсіздік ережелерін сақтамай адам өліміне әкеп соққан жол апатын жасап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3- бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев Ұлы Отан соғысының ардагерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады

15/12/2016

Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев ардагерлер үйіне барып,  Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазығұрт ауданының төбе биі   Исан Телікбаевты  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың атынан арнайы құттықтау хатын  тапсырды.