Архив событий

09/12/2016

Халықтың құқықтық сана сезімін көтеру мақсатында кездесу өтті

09/12/2016

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы  А.Бекназаров дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын қолдану барысын кеңейту мақсатында, облыс әкімдігі мен облыстық сот арасында қол қойылған «Өзара ынтымақтастық туралы Меморандум» аясында Боралдай ауыл округі тұрғындарының, ауыл әкімдігінің қызметкерлерінің, ауыл билерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен  кездесу өткізді.  

«Жастар тәрбиесі- Ұлт тәрбиесі»

09/12/2016

2016 жылдың 23 қарашасында Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов пен судья З.Алсеева Қапланбек аграрлық колледжінің студенттерімен бірге ток-шоу бағдарламасына қатысты.

Қарыз ақшаны өндіру жайлы дау сот медиациясы арқылы шешілді

09/12/2016

24.11.2016 жылы Мақтаарал аудандық соты талапкер Е.А.-ның жауапкер М.Қ.-ға   қарыз ақшасын өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібімен реттеу мақсатында істі қараудағы судьяның өткізуі жөнінде өтініш түскен.

Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды ары қарай дамыту институты туралы дөңгелек үстел өтті

09/12/2016

Сайрам аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі    Б.Атамқұлов пен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповтың арасында 2016 жылдың 25 маусымында түзілген өзара ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру аясында дөңгелек үстел өткізді.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

09/12/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Құқық бұзушы А. кәмелет жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін табысының 1/2 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, оның алимент бойынша берешегі 1  118 034 теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғашқы Президент күніне орай футболдан спартакиада өтті

09/12/2016

Шымкент қаласында, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алғашқы Президент күніне орай Шымкент қалалық Абай аудандық сотымен Абай аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен  футболдан спартакиада  ұйымдастырылды.

 Жарыс  Шымкент  қаласының «Қажымұқан» спорт сарайында өтті.

Қылмысты жасырғаны үшін жазаланды

09/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және қылмысты жасырғаны үшін Ф.А. мен Е.У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.