Архив событий

20/12/2016

«Электронды атқару құжаттарды жолдау» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

20/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ОҚО бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «Электронды атқару құжаттарын жолдау» атты тақырыпта дөнгелек үстел өтті.

«Эвакуатормен» айып тұрағына жеткізілген автомашиналарды заңсыз босатуға нұсқау берген

20/12/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен К.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Мамандандырылған қылмыстық сотта семинар өтті

20/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Мұсаев  Елбасының «100 қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 21-қадамын іске асыру шеңберінде «Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды алдын-ала кездейсоқ таңдау тәртібі» тақырыбында семинар өткізді.

Жеңіл жолмен ақша табамын деп бас бостандығынан айрылды

20/12/2016

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтарымен, 191-бабының 2-бөлігі 1,2-тармақтарымен жеңіл жолмен пайда табу мақсатында бөтеннің мүлкін жымқыру қылмысын жасағаны үшін Н.Е.-ге  қатысты іс қаралды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

20/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың 14 желтоқсанындағы ұйғарымымен «REAL-building (РЕАЛ-билдинг)» ЖШС-нің  «Универсал Промтех компания» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.