Архив событий

08/12/2016

Қарызды өндіру туралы дау бітімгершілік жолмен шешілді

08/12/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер К.-ның жауапкер Ш.-дан 436 361 теңге қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Тараптар АПК-нің 179-бабына сәйкес дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы өтініш білдірген.

Ордабасы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

08/12/2016

Ордабасы аудандық сотында «Сот актілерінің мемлекет мүддесіндегі және айғақты заттарға қатысты бөлігі бойынша орындалу жағдайы туралы» тақырыбында сот орындаушыларымен, сонымен бірге, сот актілерін орындауға уәкілетті өзге де органдармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін айыппұл салынды

08/12/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ф.- ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Ф. үйінен шыққан коммуналдық қалдықты Арыс қаласы, А.Қожанов көшесінің бойына, яғни белгіленбеген орынға тастап, құқық бұзушылық жасаған.

Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін оқытты

08/12/2016

100 нақты қадам жоспары бойынша негізгі бағыттарының бірі: жалпы ұлттық «Мәңгілік Ел» атты патриоттық ойды іске асыру және бәсекеге қабілетті қазақстандықтарды қалыптастыру үшін үш тілді оқыту үлгісін енгізу болып табылады.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

08/12/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты талапкер А.Е.-нің жауапкер Г.Д.-дан 2 525 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Заңсыз айналымға салған дәрілік заттар

08/12/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  25.11. 2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Д.-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 424 200 тенге айыппұл салып,  жеке кәсіпкердің фармацевтикалық кәсібіне тыйым салынды.

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

08/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 29 қараша 2016 жылғы ұйғарымымен талапкер «Эльта - W» ЖШС-нің  «ВИКА-6М»  ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша  бітімгершілік келісім бекітілді .