Архив событий

07/12/2016

Медициналық техникаларды тіркеусіз қолданғаны анықталды

07/12/2016

Кентау қалалық сотының қаулысымен құқық бұзушы Х.З. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 26-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша медициналық техниканы тәркілеусіз 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 424 200 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 1 ай мерзімге тіс емханасының қызметі тоқтытылды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім арқылы талапкерге 317 942 теңге мемлекеттік баж қайтарылды

07/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 30 қарашасындағы ұйғарымымен «НС Туркестан-Несие» ЖШС-нің «Абилкаиров Абдулла» ШҚ-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберілді

07/12/2016

Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған сотымен  шет ел азаматы А.Р.Доняровқа Қазақстан Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Қазақстан Республикасының шегiнен 30.01.2016 ж. кешіктірілмей әкімшілік жолмен шығарып жiберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Сот шартты соттылықтың күшін жойды

07/12/2016

Түлкібас аудандық сотында, Түлкібас аудандық пробация қызметінің, сотталушы А.-ға қатысты тағайындалған шартты жазанын күшін жою туралы ұсынысы қаралды.

Соттың 27.05.2015 жылғы үкімімен А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айруға сотталған, тағайындалған жаза шартты деп есептелген.