Архив событий

13/12/2016

Мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді

13/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында ОҚО бойынша Соттар Әкімшісінің қызметкерлері кәмелет жасына толмаған үш жетім бала өмір сүріп жатқан Сәулешовтардың отбасына азық-түлік  алып барып, қайырымдылық көмегін жасады.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра жол көлік оқиғасын жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

13/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық сотының қаулысы бойынша Э.Ш. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра көлік құралы қозғалысының белгіленген ережелерін бұзып, көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соққан жол көлік оқиғасын жасағаны үшін, оны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 42 420  теңге айыппұл салынған.

Алқа мүшелігінен шығу жауапкершіліктен босатпайды

13/12/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жауапкер Т.Б. ай сайынғы төленетін жарна төлемдері және мүшелік жарна бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай дөңгелек үстел мәжілісі өтті

13/12/2016

Жетісай қаласы әкімдігінің ғимаратында Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, Шардара аудандық сотының және  Мақтаарал ауданында орналасқан соттардың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тарихы және сот жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Тәуелсіздік күніне орай марапаттау

13/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, Ордабасы аудандық сотының екі қызметкері: бас маман Стрельцова Тамара Владимировна және бас маман-сот отырысының хатшысы Кейкиева Баян Айтқожақызы қызметтік міндеттерін абыройлы атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, адал еңбегі мен сапалы жұмысы үшін Ордабасы аудандық маслихатының және Ордабасы ауданының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. 

43 жәбірленушіден алаяқтық жолмен 81 471 656 тенге алған

13/12/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Базарбай Гүлфайрус Мейрамқызы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының, 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша жеке мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.