43 жәбірленушіден алаяқтық жолмен 81 471 656 тенге алған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Базарбай Гүлфайрус Мейрамқызы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының, 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша жеке мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеу белгіленген.

Сотталушы Г.Базарбай 2014 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың шілде айлары аралығында 43 жәбірленушіні мемлекеттік бағдарлама бойынша көп қабатты үйлерден пәтер алып бере алатынына сендіріп және әр кезде өзін облыстық әкімшіліктің заңгері, облыстық прокуратураның қызметкері, ОҚО ІІД-ның қауіпсіздік бөлімінің қызметкері етіп таныстырып, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен жалпы 81 471 656 теңге алып, өзінің жеке бас пайдасына жаратқан.

Үкім заңды күшіне енбеген

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі