Архив событий

26/12/2016

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

26/12/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20 желтоқсан 2016 жылғы ұйғарымымен ««Научно-производственное объединение «ЗЕРДЕ» ЖШС-нің ТОО «ЭТАЛОН-ЮГ» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріповке «Қазақстан заңгерлері одағының» атынан «Қазақстанның құрметті заңгері» атағы берілді

26/12/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысы барысында облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповке «Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан «Қазақстанның құрметті заңгері» атағын табыс ету рәсімі өтті.

Медиацияның көмегімен жанұя сақталды

26/12/2016

Сайрам аудандық соты заңды некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация келісімін бекітті.

Сот отырысы барысында төрағалық етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Ақсукент ауылдық округінің кәсіби емес медиатордың қызметіне жүгінді.

Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында сот реформаларының орындалуы бойынша халықпен кездесу өтті

26/12/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы Н.Ешпанов және аудандық сот судьясы И.Тоғызбаев «Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында сот реформаларының орындалуы бойынша» ҚР «Медиация туралы» Заңын насихаттау мақсатында Сарыағаш ауданы, Біртілек ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.