Банктің әрекеті заңсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотының шешімімен қала тұрғыны Ж. ның бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Ж. банктен алған несиесін уақтылы төлей алмағандықтан оның жалақы алатын есеп-шотын банк жауып тастап, үш ай бойы жалақысын түгелдей несие қарызына ұстап қалып отырғанын, күнкөрісі қиындап кеткенін көрсетіп, банктің әрекетіне дау айту туралы сотқа ерекше талап қою тәртібімен жүгінген.

Істі қарау барысында Ж.-ның арызда көрсеткен уәждері толық расталды.

ҚР Еңбек кодексінің 115-бабына сай жалақыдан ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.

Банктің Ж.ның жалақы алатын есеп-шотын жабу туралы төлем талап тапсырмасының күші жойылып, банкке Ж.-ның жалақысынан елу пайызын ғана ұстап отыру  міндеттелді.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі