Архив событий

13/07/2016

Сот баланың әкесі деп тану және алимент өндіру туралы шешім шығарды

13/07/2016

Отырар аудандық сотына талап қоюшы Қ.А. арызданып, жауапкер О.С.-ны 15.10.2012 жылы туылған қызы Т.-ның әкесі екенін анықтауды, қызы кәмелетке толғанша оны асырап бағу үшін өзінің пайдасына жауапкердің барлық айлық табысының ¼  бөлігі мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

13/07/2016

Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің 16.12.2015 жылғы қаулысына сай құқықбұзушы О.Э.-дан мемелекет пайдасына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  19 820 теңге айыппұл өндірілген.

Алайда, борышкер О.Э. сот орындаушыларының ескертпелеріне қарамастан осы уақытқа дейін Түлкібас АІІБ-нің қаулысын орындаудан бас тартқан.

Түлкібас аудандық сотының қаулысымен О.Э. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танылып, ол 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.