Архив событий

28/07/2016

Өзбекстан азаматтары Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді

28/07/2016

Қазығұрт аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) екі Өзбекстан азаматтары А.,И., қатысты  әкімшілік істер қаралды.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған

28/07/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен айыпталған  Б.М. қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты жәбірленушімен  медиация тәртібімен татуласып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Сот әуе компаниясынан материалдық залал өндірді

28/07/2016

А.Л.сотқа берген талабында 03.04.2016 жылы Қостанай-Алматы, Алматы–Санк–Петербуг рейсі бойынша екі билет алғанын,  рейс Қостанай қаласынан Алматы қаласына кешігіп келуіне байланысты, Алматы–Санк–Петербуг рейсіне үлгере алмағанын, осыған байланысты қосымша материалдық шығын жасалғанын, әуе компаниясынан келтірілген материалдық залал 73 061 теңге өндіруді сұраған.

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

28/07/2016

Құқық бұзушы А. 27.06.2016 жылы сағат 23.00 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Маметова көшесінде орналасқан өз үйінде жанжал шығарып, отбасының шырқын бұзып, сыйламаушылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.