Архив событий

19/07/2016

«Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/07/2016

Бүгін Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында Сарыағаш ауданы прокуратурасының, Ішкі істер бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, аудан әкімі апаратының, «Келес» заң консультациясының адвокаттары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бұлтарпау шарасына санкция берілді

19/07/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабы 4-бөлігінде және 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталған айыпталушы Ш.-ны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берді.

Мас халде көлік жүргізген

19/07/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаупкершілік ретінде 3 жылға жүргізу куәлігінен айырылды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында Н.А.  25.05.2016 жылы  Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесімен «Opel Vectra» маркалы автокөлігін алкогольден масаю күйінде басқарғаны анықталды. 

Сотта  құқық бұзушы  Н.А. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Өз бетінше салынған құрылыс бұзылуға жатады

19/07/2016

Талапкер Шымкент қаласының әкімдігі жауапкер М.-ға жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару, жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру және өз бетінше салынған құрылысты бұзу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында жауапкер М. талапты мойындап, үш айдың ішінде жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруге міндеттенді.

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жазаланды

19/07/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2 - бөлігімен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық ісін қарады.

Сотталушы А. 25.03.2015 жылы «Жібек Жолы – Жетісай»  тас жолында өзінің басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің басқаруын игере алмай, жол көлік оқиғасын жасаған.