Архив событий

18/07/2016

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

18/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «А.» АҚ-ның  «К.» СПК -не қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс бойынша  бітімгершілік келісім бекітілді.

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені үшін сотталды

18/07/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-бөлігінің 2, 3-тармақтарымен сотталушы Г.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, сотталушы Г. «Ошақты» пошта байланыс бөлімшесінің бастығы қызметін атқарып жүріп, қызмет бабын пайдаланып, бірнеше рет өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену мақсатында, кассалық құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 1 936 038 теңге қаржыны жеке бас пайдасына иемденіп, жәбірленушілерге материалдық зиян келтірген.

Лицензиясыз алкоголь өнімін сату

18/07/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны С.К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының, 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 159 075 теңге айыппұл салынды.

Есірткі затын сатқан

18/07/2016

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотталушы З.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.