Архив событий

27/07/2016

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

27/07/2016

Бүгін Мақтаарал ауданының № 2  аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оған қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Мақтаарал аудандағы құқық қорғау органдарының, адвокаттардың, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.

Заңды некенің бұзылуы ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үй-жайға тұру үшін кіргізуге кедергі болып табылмайды

27/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотымен талапкер С.Я. жауапкер С.С. тұрғын үй-жайға тұру үшін мәжбүрлеп кіргізу және сот шығындарын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

27/07/2016

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында талапкер Т.А-ның жауапкер Ж.А-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

27/07/2016

Бүгін Арыс аудандық сотының ғимаратында «Медиция күні» республикалық акциясы аясында, аудандық әкімдік пен Қазақстан халқы Ассамблеясының Арыс қаласындағы өкілдігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыс әкімі аппаратының қоғамдық келісім мекемесінің эксперті Х.Бациевтың және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел өтті.

Сотты сыйламағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

27/07/2016

Түркістан қалалық сотында азаматтық жауапкер Б.О. судьяны сыйламағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды.

Азаматтық істі қарау барысында жауапкер Б.О.  сот отырысында судьяға дөрекілік танытып, бірнеше рет жасаған ескертулеріне  құлақ аспай  құрметтемеушілік білдіргені анықталған. 

Ортақ мүлікті бөлуге қатысты дау сот медиациясы арқылы шешілді

27/07/2016

Мақтаарал аудандық сотында талапкер Н.С.-ның жауапкер Е.П.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу мақсатында істі қараудағы судьяның өткізуі жөнінде өтініш түскен.

Семинар сабақ өткізілді

27/07/2016

Қазығұрт аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша семинарлық сабақ өткізілді.

Темекі қалдығын тастағаны үшін қамаққа алынды

27/07/2016

Арыс аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Қ.О.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушы Қ.О., Арыс қаласы, Дулатов көшесінің бойында темекі шегіп, оның қалдығын белгіленбеген орынға тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Ордабасы аудандық сотының төрағасы «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өткізді

27/07/2016

Ордабасы аудандық сотында аудан әкімдігі мен нотариустардың, адвокаттардың, «Қазақтелеком» АҚ-мы мен «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің өкілдері және мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуларымен «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.