Архив событий

21/07/2016

Сот залынан

21/07/2016

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 5 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының 14 азаматына  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарады.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Отырар аудандық сотында брифинг өткізілді

21/07/2016

Жуырда аудандық сотта бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте аудандық соттың баспасөз хатшысы А.Қалмырзаев, сот өндірісінде қаралған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен сотталған сотталушы Е.О.-нің қылмыстық ісі бойынша  сұхбат берді.

Есірткі үшін жаза

21/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде заңсыз есірткі затын «героинді» сақтап, сатқан 1991 жылы туылған Т.М.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Соттың шешімімен меншік иесінің жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынды

21/07/2016

Талап қоюшы Шымкент қаласының әкімі жауапкер Б. қойған жер  учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алып, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арызымен Шымкент қаласының Абай аудандық сотына жүгінді.

Билік өкілін қорлап, бағынбай және оған қатысты күш қолданғаны үшін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған

21/07/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен C.Барпиева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен, 379-бабының 1- бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптар бойынша түпкілікті 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы баспасөз мәслихаты өткізілді

21/07/2016

Сайрам аудандық сотының төрағасының м.а. Н.Б.Шетенов 2016-жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізді.

Төраға м.а. Н.Б.Шетенов Сайрам аудандық сотының 2016 жылдың есептік кезеңге дейін атқарған жұмысы туралы 2015 жылдың 6 айымен салыстыра отырып жан-жақты мағлұмат берді.

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

21/07/2016

ОҚО Шардара аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 72-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай, сотталған Ж.-ны жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы аудандық пробация қызметі бөлімінің ұсынысы қаралды.

Баспасөз мәслихаты өткізілді

21/07/2016

Мақтаарал аудандық сотында 2016 жылдың І жартыжылдығындағы сот төрелігін атқару нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Бөтеннің мүлкін жымқырғаны және қарақшылық жасағаны үшін сотталды

21/07/2016

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі, 191-бабы 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен және 192-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтарымен бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп, алдау арқылы жымқырып, қарақшылық  жасағаны үшін Ә.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

«Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті

21/07/2016

Ордабасы аудандық сотында аудан әкімдігі мен нотариустардың, адвокаттардың, «Қазақтелеком» АҚ-мы мен «Оңтүстік Жарық» ЖШС-нің өкілдері және мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуларымен «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.

Аудандық әкімшілікпен бірлесіп өткізілген дөңгелек үстел

21/07/2016

Сарыағаш аудандық соты және Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылжар ауылдық округі Жаскешу елді мекенінде аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің және ауыл тұрғындарының қатысуларымен «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» және «Қоғамдық келісім кеңесі және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және жастар арасындағы некенің жиі бұзылуы әйел азаматтарына қарсы қолданылған зорлық-зомбылыққа жол бермей отбасын сақтап қалу қоғамдағы белсенділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өт

Ұсыныс қанағаттандырылды

21/07/2016

Қазығұрт аудандық  сотында Қазығұрт аудандық  пробация қызметінің  ҚР ҚК-нің ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі, 58 бабының 2 тармағымен 1 жыл бас бостандығынан  шектеу жазасына сотталған аудан тұрғынына қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы ұсынысы қаралды.