Архив событий

22/07/2016

Қаратау аудандық сотында 2016 жылдың 6 айының жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

22/07/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша судьялар мен сот қызметкерлерінің, «Отырар» телеарнасының және жергілікті қоғамдық саяси газеттері қызметкерлерінің қатысуларымен баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Мас халде автокөлік басқарғаны үшін сотталды

22/07/2016

Сотталушы А.А.  22.05.2016 жылы Мақтаарал ауданы Қазыбек ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекені аумағында, өзінің басқаруындағы  «Нива 212140» маркалы автокөлігін көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, алкогольдік масаң күйде басқарған.

Алынған міндеттеме кедергілерге қарамастан орындалуы тиіс

22/07/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотымен талапкер ЖК «И.С.» жауапкер И.Г. қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматттық істі қарады.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкер И.Г. талапкер ЖК «И.С.» пайдасына 932 900 теңге қарызы мен сот шығындары өндірілген.

Кентау қалалық сотында 2016 жылдың І-ші жартыжылдығының жұмыс қортындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

22/07/2016

Кеше Кентау қалалық сотының төрағасы Е.Сералиев 2016 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жергілікті телеарна және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында 2015 жылдың 6 айымен салыстырмалы түрде қаралған сот істері бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.

Әкімшілік іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

22/07/2016

Құқық бұзушы А. 27.06.2016 жылы сағат 23.00 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Мамбетов көшесінде орналасқан өз үйінде жанжал шығарып, отбасының шырқын бұзып, сыйламаушылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

22/07/2016

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы М.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп есептелген.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісім бекітілді

22/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Н.Т.» ЖШС-нің  «А.Ю.» ЖК-ге қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасалған келісім бекітілді.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

22/07/2016

ОҚО Созақ аудандық сотында судьялар, прокурор және адвокаттардың қатысуымен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.