Архив событий

25/07/2016

Көлікті мас халде басқарған

25/07/2016

Қазығұрт аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы Т.А.-ға қатысты әкімішілік іс қаралған.

Құқықбұзушы Т.А. 2016 жылдың шілде айында «Opel Vectra» автокөлігін Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев  көшесі бойында мас күйінде басқарған.

Сот актісін орындамағаны үшін жауапқа тартылды

25/07/2016

Құқық бұзушы Ш.А. Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотының 11.07.2012 жылғы сот бұйрығы негізінде өндіріп алушы  Х.Е. пайдасына, еңбек табысының немесе өзге де кірісінің 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент төлеуі тиіс болған, алайда ол аталған сот актісін орындаудан жалтарған.

Іс медияциялық бітімгершілікпен аяқталды

25/07/2016

Шымкент Қаласы Қаратау аудандық сотында талапкер «Джунусов» ЖК-ның жауапкер Е.Д-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу жөнінде келісімге келіп,  жауапкер Е.Д. 90600 (тоқсан мың алты жүз) тенге қарыз ақшаны әр айдың 3 күні 9000 (тоғыз мың) теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талапкер талап арыздан бас тартты.

Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары!

25/07/2016

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде сағат 10.00-ден 13.00 аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізеді.

Осы уақыт аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының сайтындағы (http://uko.sud.kz) сот төрағасының жеке блогына өз сауалдарыңызды жолдай аласыздар.

Анықтама телефоны: 99-75-24

Адам өлтірді деген күдікпен ұсталғанды күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды

25/07/2016

Сарыағаш аудандық сотының тергеу судьясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған С.Х.-ға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция берілді.

Емдеуді қажет ететін алкоголизммен ауыратын науқас наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

25/07/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында арызданушылар ОҚО ІІД, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы «облыстық наркологиялық диспансері» МКҚК-нің алкоголизммен ауыратын науқас А-ны наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық іс қарады.

Жалған уақытша көлік жүргізу құжаты мен автокөлікті басқарып жүрген

25/07/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Е.Сейдінов Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 70 айлық есептік көрсеткіш, яғни 148470 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған.

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы 2016 жылдың 1-жартыжылдығын қортындылау жөнінде баспасөз конференциясын өткізді

25/07/2016

Сот төрағасы Б. Диханбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 11 қадамының орындалу барысын, сот жүйесінің түбегейлі жаңғыртылған жаңа моделі құрылып, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін  сотта қорғау аясы кеңейтілгенін атап өтті.

ҰРЫСТЫҢ СОҢЫ

25/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өліміне байланысты 1961 жылы туылған А.Х.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот актісін орындамағаны үшін айыппұл салынды

25/07/2016

ОҚО Кентау қалалық соты Т.М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істі қарады.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы 19.12. 2008 жылғы талапкер О.Т.-ның  пайдасына 400 000 теңге өндіру туралы сот шешімін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Cот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырды

25/07/2016

Шардара аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 257-бабының 1-бөлігі және 251-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жыл 6 ай мерзімге бос бостандығын шектеу жазасына сотталған Ш.-ның жазасының өтелмеген бөлігін өтеуден мерзімнен  бұрын  шартты  түрде  босату  туралы аудандық пробация қызметінің ұсынысы қаралды.