Архив событий

15/07/2016

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 6 айының жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді

15/07/2016

     Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында судьялар, сот қызметкерлерінің, аудандық БАҚ-ның өкілдері «Сәт» телеарнасының және жергілікті қоғамдық саяси газеттері қызметкерлерінің қатысуларымен 2016 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындысына арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Салық бойынша қарызы өндірілді

15/07/2016

Сарыағаш ауданы №2 аудандық соты өндіріп алушы «Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкер Я.-дан көлік салығы бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Несие шарты бойынша берешек сомасы өндірілді

15/07/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық соты талапкер «Престиж капитал» МҚҰ» ЖШС-нің жауапкерлер У. және И.-дан несие шарты бойынша қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Істі қарау барысында жауапкерлер талапкерден несиелік шарт бойынша 600 000 теңге несие алып, шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін тиісінше орындамағаны  анықталды.

Сот шешімімен талап қою арызы толық қанағаттандырылып, жауапкерлерден ортақтасқан түрде талапкердің пайдасына негізгі қарыз, сыйақы, өсімпұл, барлығы: 81 924 теңге өндірілді.