Архив событий

05/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

05/07/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен мамандары қатысты.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

05/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17 маусым 2016 жылғы ұйғарымымен «Ш.» ЖШС-нің  «А. ЛТД» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамаққа алынды

05/07/2016

     Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) азамат С.Г. қатысты әкімшілік ісі қаралды.