Архив событий

14/07/2016

Қажетті қорғаныс шегінен шыққан

14/07/2016

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Е.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 112-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, қажетті қорғаныс шегінен шығуына байланысты, ҚР ҚК-нің 66-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Сот актілерінің орындалу жағдайы талқыланды

14/07/2016

Мақтаарал аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Мақтаарал ауданының прокуроры, аудандық ІІБ басшысының орынбасары, аумақтық сот орындаушыларыны мен жеке сот орындаушылар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Балалардың турғылықты мекен-жайын анықтау туралы азаматтық іс медиация келісімімен аяқталды

14/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық сотында талапкер Б.А.-ның жауапкер Б.Р.-ға және  мүдделі жақ Түлкібас аудандық әкімдігінің білім және балаларға қамқорлық көрсету бөлімі, Түлкібас аудандық прокуратурасына балалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтау және балалармен кездесудің уақытын белгілеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Мас халде көлік жүргізудің салдары

14/07/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны М.М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 424 200 тенге айыппұл салынды.

Сот төрағасы халықпен кездесу өткізді

14/07/2016

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын насихаттау және ҚР-ның жаңа Азаматтық процесстік кодексті түсіндіру мақсатында Отырар аудандық сотының төрағасы Б.Дүйсебеков Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

14/07/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «E.» ЖШС-нің  «ББ» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Сарыағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

14/07/2016

Бүгін Сарыағаш аудандық сотында «Қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын арыздарды сотқа жолдау тәртібі мен өзекті мәселелері және жекеше айыптау істерінің сотта қаралу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.