Мүлікті иеліктен қайтару туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық сотында талапкер С.М.-ның жауапкер Т.М.-ке мүлікті иеліктен қайтару туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

 

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар судья медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды сот медиативтік тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Талапкер өз талабынан бас тартып, медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасалғанына байланысты, азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, азаматтық iс өндiрiстен тоқтатылды

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі