Архив событий

01/06/2016

Көлігіне жалған нөмір тағып басқарған

01/06/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 06.06.2016 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 1 жылға көлік құралынан айыру жазасы тағайындалды.

Оңтүстік Қазақстандық судьялар балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтады

01/06/2016

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Сайрамдағы №4 балалар үйінде өткізілген мерекелік іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов, Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының төрғасы Н.Жамашев, ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ж.Сейітжапбаров және ОҚО Сайрам аудандық сотының судьялары қатысты.

Заңсыз жолмен табылған кіріс

01/06/2016

 Шымкент қаласының мамандандырылғани әкімшілік сотының қаулысымен «Управляющая компания «О.К.» АҚ Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 214-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 466 620 тенге айыппұл салынды.

Партисипативтік келісім бекітілді

01/06/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотында талап қоюшы М.Б.-ның жауапкер А.Ж.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі бойынша адвокаттардың қатысуымен партисипативтік келісім бекітілді.

Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы М.Б. жауапкер А.Ж.-дан 100 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға төлеген 1 000 теңгені өндіруді сұраған.

Шұбарсу ауылында орын алған жол көлік апаты бойынша үкім жарияланды

01/06/2016

Бүгін ОҚО Ордабасы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1)-тармақшасы, 345-бабы 2-бөлігімен айыпталған Нурсеит А., және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1)-тармақшасы, 349-бабы 2-бөлігімен айыпталған Нурболат А. - ға қатысты үкім жариялады.