Архив событий

09/06/2016

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

09/06/2016

Құқық бұзушы Д.Ю. өзінің автокөлігін басқарып келе жатып жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Жол көлікоқиғасы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

09/06/2016

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотында Жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы жол көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген сотталушы Т.О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот залынан

09/06/2016

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Өзбекстан Республикасының 12 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарады.

Заңсыз қару сақтаған

09/06/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сот қаулысымен құқық бұзушы Р.Б., Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қару тәркілене отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынды.

Татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

09/06/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған азамат Т.М. жәбірленуші О.П.-,а келтірілген зиянды қалпына келтіріп, жәбірленушімен татуласуына байланысты, қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс медиация тәртібімен өндірістен қысқартылды.

Судья медиатор көршілерді татуластырды

09/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы Д.Д.-ның жауапкер А.З.-ға заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы азаматтық іс қаралған.

Істі сотта қарау барысында тараптардан істі медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімін бекіту жөнінде арыз келіп түскен.

Сайрам аудандық сотында кезекті медиативтік келісім бекітілді

09/06/2016

Сайрам аудандық сотында талапкер А.А.-ның жауапкер Р.Н.-ға қызы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.