Архив событий

07/06/2016

Жеңгесін ұрып-соққаны үшін сотталды

07/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық соты ағасының әйелін ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Сарыағаш қаласының тұрғыны 32 жасар Ш.Е.-ны соттады.

Отырар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

07/06/2016

31.05.2016 жылы Отырар аудандық сотында аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің және жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Тергеу судьясына жолданатын қылмыстық іс материалдарының сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талап арыз қанағаттандырылды

07/06/2016

Қазығұрт аудандық сотында талапкер Е.А.-ның жауапкер О.Ж.-ны үйінен шығару туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан талапкердің аталған тұрғын үйдің меншік иесі екендігі белгілі болған, яғни Е.А. Қазығұрт аудандық Әділет басқармасында тіркелген сатып алу-сату шарты негізінде меншік құқығына ие.