Архив событий

10/06/2016

Ескерткіштерді қорлағаны үшін айыппұл салынды

10/06/2016

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 448-бабымен құқық бұзушы Р.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р.А.-ның кәмелетке толмаған баласы Арыс қаласындағы «Жеңіс» саябағындағы ескерткіштің әріптерін жұлып, мемлекет қорғайтын тарихи және мәдени ескерткішті қасақана бүлдірген.

Шетелдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

10/06/2016

Мақтаарал ауданының №3 аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының алты азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.                                                                                                        

Алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

10/06/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында  алаяқтық жасаған азаматша М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.П. өзінің танысы жәбірленуші Қ.Н.-ға «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтер алып беремін», - деп алдап, қызметі үшін жәбірленуші К.Н.-нің 1 300 000  теңгесін  алып, бас пайдасына жаратқан.

Пара алғаны үшін сотталды

10/06/2016

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен О.С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен жеке мүлкін тәркілей отырып, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 2 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Тараптардың татуласуына байланысты Некені бұзу туралы талап арыз қараусыз қалдырылды

10/06/2016

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық сотының ұйғарымымен талапкер К.А.-ның  жауапкер К.М.-ге қатысты  заңды некені бұзу туралы талап арыз талапкердің арызы негізінде қараусыз қалдырылды.

Жаңа судья таайындалды

10/06/2016

Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 31-ші мамырдағы № 271 Жарлығына сай Расылхан Жанна Райымханқызы Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Автокөлікті қайталап мас халде басқарған үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

10/06/2016

Сотталушы Б.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі бола тұра Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережесінің 2.1.1. және 2.7.1. тармақтарын өрескел бұзып, автокөлікті басқаруға құқысы болмаса да, қайталап 2016 жылдың сәуір айының 28-не автокөлікті мас халде басқарған.

Пара алғаны үшін сотталды

10/06/2016

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Г.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілей отырып, «Жер қатынастары бөлімінің» ММ өндірістік секторының меңгерушісі қызметін атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 5 000 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Билік өкілдеріне қарсы күш қолданғаны және заңды талаптарына бағынбаушылық көрсеткені үшін сотталды

10/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 379-бабының 1-бөлігімен, 380-бабының 1-бөлігімен айыпталған Б.Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.  

Қылмыстық іс медиация тіртібімен тоқтатылды

10/06/2016

Отырар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша жеке айыптау тәртібімен қылмыстық іс қаралды.

Сотта азаматша Н.Г.-ның жанжал барысында азаматша И.Т.-ны ұрып-соғып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

10/06/2016

Отырар аудандық сотының 9 маусым 2016 жылғы ұйғарымымен талапкер Р.К.-ның жауапкер  Н.Д.-нан қарыз өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс  бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.