Шетелдің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының №3 аудандық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының алты азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.                                                                                                        

Іс-құжаттарына сай, С., М., Н., Т., А. және М. Өзбекстан Республикасының азаматтары бола тұра, көші-қон карточкасында келу мақсатын «қонаққа» деп көрсетілгеніне қарамастан, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жұмысқа орналасуға рұқсат алмай, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырған, яғни халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.             

Сот қаулысымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі