Архив событий

30/06/2016

Қарыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен өндірілді

30/06/2016

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер М.-ның жауапкер У.-дан  300 000 теңге қарыз өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қою сомасы екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтындықтан ҚР АПК-нің 145-бабына сәйкес талап қою арызы сот өндірісіне оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қабылданған.

Сайрам аудандық сотында семинар өткізілді

30/06/2016

Сайрам аудандық сотында кәсіби медиаторлар Б.Акимов пен Ж.Жиенбекованың қатысуларымен «Медиация» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға құқық қорғау органдарының өкілдері, Сайрам ауданы ауыл округтерінің әкімдері, орта мектептердің психологтары, ауыл округтерінің кәсіби емес медиаторлары және славян, өзбек, татар-башқұрт, түрік, күрд мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Партисипативтік келісім бекітілді

30/06/2016

ОҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тараптардың адвокаттары қатысуымен талапкер «Д.-С.» ЖШС-нің жауапкер «Ш.» АҚ-нан қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық ісі бойынша партисипативтік келісім бекітілді.

Айыппұл салынды

30/06/2016

Ордабасы аудандық  сотымен жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қаралды.  

Әкімшілік іс құжаттарынан азамат А.-ның «AUDI-80» автокөлігін басқарып келе жатып, басқаруға ие бола алмай азамат Б.-ның басқаруындағы «Ваз-21723-21» автокөлігімен соқтығысқаны анықталған.