Архив событий

06/06/2016

Бұзақылық жасағаны үшін сотталды

06/06/2016

Сотталушы М.М. спирттік ішімдік ішкен мас халде, Мақтаарал ауданы, Асықата кенті, Абдиров көшесі №1 үйдің алдында, яғни қоғамдық орында, жәбірленуші Н.А.-ға балағат сөздер айтып, оны ұрып-соққан. Осы әрекетімен М.М. қоғамды құрметтемеуді анық көрсетіп, азаматқа қарсы күш қолданумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен  бұзған.

Рөлде алкогольдік масаң күйде болған

06/06/2016

ОҚО Төлеби аудандық соты Ж.Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  ісін қарады.

Іс материалдарына сай, құқықбұзушы Ж.Б. өзінің «Mercedes Benz-190» маркалы автокөлігін Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, Қапал батыр көшесінің бойымен алкогольдік  масаң  күйде басқарған.

Қазығұрт аудандық сотында семинар өткізілді

06/06/2016

Қазығұрт аудандық сотында «Төрелік»  АЖ-нің «Сот отырысы» бөлігін толтыру» тақырыбында семинар сабағы өтті .

Семинарға кеңсе меңгерушісі  және  сот қызметкерлері қатысты.