Архив событий

23/06/2016

Есірткі затын кедендік бақылаудан жасырын алып өткені үшін сотталды

23/06/2016

Сарыағаш аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы И.У.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен айыптау үкімі шығарылды.

Апелляциялық сатыдағы сотта медиативтік келісімге қол жеткізілді

23/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында талапкер Ю.Р.-дің жауапкерлер Ю.Б.-ға, Шымкент қаласының әкіміне, Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Шымкент қаласының жер кадастр бөлімшесіне жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның шешімін, жер учаскесіне берілген мемлекеттік актісін және олардың тіркелуін жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша шығарылған Шымкент қаласының Абай аудандық сотының шешім

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

23/06/2016

Кентау қалалық сотының 17.06.2016 жылғы қаулысымен құқық бұзушы А.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Іс материалдарынан 28.05.2016 жылы сағат 8:05 шамасында   құқық бұзушы А.А. автокөлік құралын масаң күйде басқарғаны анықталған.

 

Қылмыстық іс тоқтатылды

23/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық сотында Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотқа Б.-ның зайыбы А. күйеуі өзін отбасында орын алған жанжал барысында ұрып-соғып, денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін жекеше айыптау шағымын түсірген.