Архив событий

03/06/2016

Сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

03/06/2016

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында Шымкент қаласының мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген Е.Р.-ның бұрынғы қызметіне қайта орналастыруды және лажсыз бос жүрген күндері үшін орташа жалақысын өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу қысқартылды

03/06/2016

ОҚО Төлеби аудандық сотында Н.Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сай, құқық бұзушы Н.Е.-нің өз үйінде зайыбы Н.К.-ға былапыт сөйлеп, отбасылның тыныштығын бұзғаны анықталды. 

Құмар ойынға қатысқаны үшін айыппұл салынды

03/06/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Н.Д. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен оған 424 200 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған

03/06/2016

Сайрам аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісін қарады.

Сотта белгілі болғандай, құқық бұзушы И.М. көлік басқара отырып, полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Неке сақталды

03/06/2016

Азаматша К.А. Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотына берген талап арызында жауапкер С.К.-мен араларындағы 2013 жылы тіркелген некені бұзуды сұраған.

Кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім түзілген

03/06/2016

Сотталушы Б.А. мас халде сағат 02:00 шамасында жәбірленуші М.К.-ның тұрғын үйдің ішіне заңсыз кіріп, жәбірленуші М.К. және баласы Ә.Н. екеуімен ұрысып, оларға күш қолданып балағаттаған.

Қазығұрт аудандық прокуроры мен күдікті Б.А. арасында кінәні мойындау туралы процессуалдық келісім түзілген.

Судьялар балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады

03/06/2016

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шымкент қаласының Қаратау  және Абай аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері Сайрамдағы № 4 жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін «Фиркан-Сити» ойын-сауық орталығына қыдыртып қайтты.