Архив событий

08/06/2016

Қазығұрт аудандық сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды

08/06/2016

Қазығұрт аудандық сотына талапкер М.Л. қарызды өндіру  туралы  талап арызбен  сотқа жүгінген.  2014 жылы  талапкер қолхат арқылы жауапкер Е.Б.-ге 1 000 000 теңге ақшаны қарызға берген, ал жауапкер ол ақшаны бір жыл ішінде, яғни 2015 жылдың наурыз айына дейін қайтаруға міндеттенген. Алайда  Е.Б. осы уақытқа дейін қарыз ақшаны қайтармаған. 

Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін әкімшілік жазаға тартылды

08/06/2016

Құқық  бұзушы Т.У. 01.05.2016 жылы Мақтаарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан «Шаңырақ» асханасының тұсында, яғни қоғамдық орында, жәбірленуші жәбірленуші Л.Д.-ға себепсіз былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, ұсақ  бұзақылық  жасаған.

Іс өндірістен қысқартылды

08/06/2016

ОҚО Төлеби аудандық соты Т.С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабы бойынша қозғалған жеке айыптау ісін қарады.

Темекіні он сегіз жасқа толмаған адамға сатқаны үшін айыппұл салынды

08/06/2016

Сайрам аудандық соты темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, аудан орталығындағы дүкендердің бірінің сатушысы 18 жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар медиативтік келісімге келді

08/06/2016

Сайрам аудандық сотында А.А.-ның жауапкер Р.Н.-нан қызы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптар медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.