Архив событий

02/06/2016

Дау медиация тәртібімен шешілді

02/06/2016

Отырар аудандық сотында талапкер М.А.-ның жауапкер Н.Б.-ға әкелікті анықтау туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Арыс аудандық соты жұмыскердің жалақысын өндірді

02/06/2016

Талап қоюшы Е. сотқа арызданып, жауапкер Арыс қалалық әкімдігінен амалсыз бос жүрген 8 ай уақытына 1 484 687 теңге жалақысын өндіру туралы талап арыз келтірген.

Сот барысында жұмыс берушінің жұмыскерді қызметінен заңсыз босатқаны, амалсыз бос жүрген уақытына жалақыны толықтай төлемегені анықталған.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылды

02/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында азаматша М.Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.Ш. 25.02.2016 жылы сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласы, Сайрам ауылында орналасқан «Сарвиназ» тігін шеберханасына қарыз ақшасын сұрап келген жәбірленуші Х.Ю.-ды соққыға жығып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

02/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «К.Н.Х.П.» ЖШС-нің  «К.С.Л.» ЖШС-не қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.