Архив событий

13/06/2016

Дау медиация тәртібімен реттелді

13/06/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талапкер И.С.-ның жауапкер Б.М.-ке баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында, жауапкер Б.М. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 10000 теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Азаматтық іс бітімгершілік келісім негізінде қысқартылды

13/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен талапкер «Шымкентцемент» АҚ-ның  «SAS-TobeTehnologies» ЖШС-не қарыз сомманы өндіру туралы азаматтық іс бойынша  бітімгершілік келісім бекітілді .

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/06/2016

Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі  бойынша азамат Қ.К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Қ.К. қылмыстық іс бойынша айыптаушы болып өтеді, бірақ сот отырысына белгісіз себептермен келмеуіне байланысты сот процесі кейінге қалдырылған.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін қамалды

13/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық соты азамат Ә.Ж.-ға қатысты  Қазақстан  Республикасы  ӘҚБтК-нің   669-бабымен  қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Мас халде көлік басқарып, жол апатын жасаған

13/06/2016

Құқық бұзушы  Б.Ж., 19.03.2016 жылы Қазақстан Республикасы жол  қозғалысы ережелерінің талаптарын бұза отырып, мас халде, өзінің басқаруындағы «Нексия» маркалы автокөлігімен Асықата кенті, Абдиров көшесінің  бойында жәбірленуші О.Н.-нің басқаруындағы «Ваз-21099» маркалы автокөлікпен соқтығысып,  нәтижесінде,  автокөліктің   егесіне  материалдық  зиян  келтірген.

Судья медиатор тараптардың іскерлік қарым қатынастарын сақтады

13/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы А.Н.-ның жауапкер ЖШС-не қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Істі сотта қарау барысында тараптардан істі медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімін бекіту жөнінде арыз келіп түскен.

Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

13/06/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 8 маусымдағы ұйғарымымен талап қоюшы «Қазақ әуендерінің орындаушылары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жауапкер «Отан» ЖШС-нен 750 000 теңге өтемақы өндіру туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптар арасындағы медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді.

Дау медиативтік келісіммен аяқталды

13/06/2016

Сайрам аудандық сотында бір жылдан аса уақыт бойына дау болып келе жатқан іс бойынша азаматтық іс медиациямен аяқталды.

Талапкер М.М.-ның жауапкер М.Р.-ге ортақ үйді және жер телімін сатып, үлесін беруді міндеттеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс тараптар медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.